Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Толық ақпаратты «Есік қаласы әкімінің аппараты» ММ арқылы біле аласыздар. Мекен-жай: Есік қаласы, Алматинский көшесі №.112