"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Салық кодексінің 630-бабына сәйкес ( өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) республикада жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу белгіленген.
Бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған санаттары.
Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатынын атап өту маңызды.
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша сервис іске асырылды.
Осыған байланысты салық төлеушілер үшін "Е-Salyq Azamat" қосымшасы әзірленді, ол декларацияны мобильді қосымша арқылы ұсынуға мүмкіндік береді.
"E-Salyk Azamat" мобильді қосымшасы жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенге дейін барлық қажетті тестілік жұмыстардан өтті.
"E-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын "App Store" немесе "Play Market".
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Н.Құдайбердиев