Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2023 жылғы 1 сәуірінен бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енетінін ескертеді, олар:
- «Виртуалды қойма» модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша;
- «Виртуалды қойма» модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.
Қалған тауарлар бойынша тауарларға іліспе жүк құжаттарды қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады.
Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен реттелед.
Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Маңызды айта кету қажет:
Сілтеме https://www.kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1.