Мемлекеттік қызметті «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынаны жолдайды:
Алғашқы қадам:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекеннің шекарасында объект салу үшін жер учаскесін беру туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің схемасының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Бірінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін оның ситуациялық схемасын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
Екінші кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушының жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізу қызметтеріне ақы төлеу, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:
Қосымша ақпарат алу үшін Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Бижанова ауылы, көш. Абай, 1А ғимараты