Меню

Страницы

Статья

Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратымен «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін ұсыну туралы.

«Сауда –саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу » мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, «электронды үкімет веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

1-кезең: өтініш; сұралып отырған жер учаскесінің схемасы.

2-кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді:

1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналық мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 12 жұмыс күн ішінде.

2-кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару - бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесіне жалдау құқығын беру туралы шешім, не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы жер комиссиясының қорытындысы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Саймасай ауылы, Хазиев көшесі №2
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 36-2-34.

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
15 марта 2023
Дата обновления
15 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы