Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету тәртібі туралы

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz порталы арқылы кез-келген Қазақстан азаматы ала алады. Сонымен қатар, аталған қызметті «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы  тапсырса болады. Ол үшін өтініш беретін азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы /ЭЦҚ/ болуы тиіс. ЭЦҚ болмаған жағдайда «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері тіркеп бере алады.

       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 12  жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 минут;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

       Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

       2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Толығырақ ақпаратты «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.

Мекенжайымыз: Қаракемер ауылы, Тастанбеков көшесі, № 6

Тел.: 87277549129

 

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы