Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды түрде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Толық ақпаратты Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі құрылыс № 25
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 74049.
«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ