Меню

Страницы

Статья

Қызметтерді цифрлық құжатпен алудың жаңа мүмкіндіктері

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Қазір БЖЗҚ-дан зейнетақы қызметтерін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетпей-ақ алуға болады. Ол үшін еGovMobile ұялы қосымшасында жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.  

Қор бұрыннан бар қызметтерге жаңа қызмет түрлері қосылғанын хабарлайды. Зейнетақы қызметтерін тұтынушыларда БЖЗҚ кеңселеріне жүгінген кезде жеке басын куәландыратын цифрлық (электрондық) құжаттарды қолдану мүмкіндігі пайда болды:

  • инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) таңдау (өзгерту) туралы немесе зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беру;
  • сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл жүгінген кезде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу (бұрын осы жағдайларда құжаттардың түпнұсқасын ұсыну талап етілген).

Енді зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген тұлға мынадай цифрлық (электрондық) құжаттарды ұсына алады:

жеке куәлік;

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

туу туралы куәлік;

азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

Бұған дейін БЖЗҚ бөлімшелерінде қызметтердің төмендегі түрлерін алу мүмкіндігі енгізілген болатын:

  • өзі келіп өтініш жасаған кезде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) ;
  • зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару.

Жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасын тікелей БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өзі жүгінген кезде пайдалануға болатынын да атап өткіміз келеді.  

Егер өтініш берген адамның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болып қалса, еGovMobile ұялы қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

Сондай-ақ, БЖЗҚ бірқатар қызметтерді қашықтан: сайт, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы көрсететінін еске саламыз.

Дата публикации
27 февраля 2023
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы