Бастапқы материалдарды алғаннан және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлегеннен кейін өтініш беруші оны көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асырады.
Эскиз (эскиздік жоба) осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған құрамы мен мазмұнына, объектінің мақсатына, негізгі параметрлеріне, нақты жер учаскесіне орналастырылуына қойылатын талаптар кешеніне және көшелерді, орамдарды және тұрғын алаптарды салудың сәулеттік-көркемдік колористикасына сәйкес түс шешіміне сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, портал арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету не дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.