Меню

Страницы

Статья

«Көктөбе ауылдық округі әкімінң аппараты» мемлекеттік мекемесі "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібін хабарлайды:

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдері:

 Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мыналарды жолдайды:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

  1. 2. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды келіп түскен күні қарайды және оларды өтініш келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысына орындау үшін жолдайды.
  2. 3. Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.
  3. 4. Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттамасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.
  4. 5. Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты келіседі.
  5. 6. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімге немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды.
  6. 7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
  7. 8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  1. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

 

«Көктөбе ауылдық округі әкімінң аппараты»

мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы