Меню

Страницы

Статья

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды:

Бірінші кезең:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.

Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші екі кезеңде көрсетеді.

Бірінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасымен дайындау - 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

Екінші кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушының жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуі кезінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы қоса беріледі.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін: "Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Қорам ауылы, Зарватов көшесі № 55, телефон 8 (72776) 7-63-90,

7-63-80

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
15 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы