Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай алуға болады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға шешім алу үшін, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар: көрсетілетін қызметті берушіге:
- жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
Порталға:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі:
Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).


Саймасай ауылдық
округі әкімінің аппараты

Дата публикации
10 февраля 2023
Дата обновления
10 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы