Меню

Страницы

Статья

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ САЛЫҒЫ

Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі

  1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi.
  2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
  3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

      Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген іс жүзіндегі кезең үшін төленуге жататын салық сомасы осы Кодексте айқындалған тәртіппен көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.

  1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
  2. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

Кұдайберген Б.Т.

 

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
08 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы