Салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде 2020 жылдың соңында ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде ТІЖ енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №1104 бұйрығы).
Жүргізіліп жатқан пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны ресімдеу міндеттеледі.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына ((ары қарай – бұйрық) қол қойылды.
Басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара сауда қатынасында экспорттық - импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ – нын міндеті түрде рәсімдеудің мерзімдерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.
ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енгеннен кейін, ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-ға мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпегені үшін, кәсіпкерлік субъектілеріне қарай 5 пен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»