«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі -
1) нысанға бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық және қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 12 (он екі) жұмыс күні.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер -
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және олардағы деректердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 44-1-бабының 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке қойғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Толық мәліметті Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40, 8/72776/2-01-55