- Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 24-бабының 1-тармағыныңекінші бөлігінде және 6-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен жайымыз: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56А,
тел:8(72776)7 33 49
Г. КАБУЛОВА
Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы