Меню

Страницы

Статья

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсатты «электронды үкімет» www.egov.kz веб-портал арқылы қалай алуға болады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат алу үшін «электронды үкімет» www.egov.kz веб-портал (портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.

Қажетті құжаттар:

- электронды өтініш;

- іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі;

-іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-10 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы аудан әкімінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Жұмыс кестесі:

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 

Аудан әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін.

Байланыс телефоны: 87277520597

 

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты

Дата публикации
21 декабря 2022
Дата обновления
21 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы