Халыққа салықтық және кедендік мәселелерді түсіндіру, халықтың хабардарлығын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-да Чат-ботты іске асырды.
Чат-бот 1 наурыздан бастап "@salyqbot" атауымен немесе тікелей сілтеме арқылы іске қосылады https://t.me/salyqbot.
@Salyqbot-сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және өте пайдалы функциялары бар:
Чат-Ботта МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген білім базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан жауапқа қанағаттану деңгейін бағалай алады, сонымен қатар сұрақ қоя алады, чатбот операторына тікелей өтініш немесе тілек жаза алады.
Ағымдағы жылы чат-ботты дамыту бойынша жұмыс жалғасады, оның шеңберінде салық төлеушілер өздері үшін көптеген қосымша мүмкіндіктерді үйренеді, мысалы, салық есептілігін ұсыну мерзімін, салық төлеу мерзімін жіберіп алмау, банктік шоттарды бұғаттау (тыйым салу) туралы және басқа да маңызды ақпаратты білу.
Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды азайту, Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және ақпараттандыру сапасын жақсарту үшін @salyqbot сандық салық кеңесшісіне жазылыңыз және пайдаланыңыз.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»