Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

Мемлекеттік кірістер комитетімен «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы  әзірленіп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.  Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге  салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы.

Салық кодексінің ағымдағы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған.

Бұдан басқа, Комитетпен патент негізінде арнаулы салық режимін  қолданатын кәсіпкерлерге арналған қосымшаның функционалын пилоттық жоба шеңберінде қолдану мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ұсыныстарды, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасынан алынған ұсыныстарды, сондай-ақ жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қорытындылары бойынша ескертулерді ескере отырып пысықталады.

Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.

Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салық сомасын Электрондық Үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильді қосымшада төлеуге болады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді. Қосымша «Play Market», «App Store»  және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді.

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

Дата публикации
08 декабря 2022
Дата обновления
08 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы