- «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі 2022 жылғы 26 желтоқсан күні сағат 15:00-де, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы № 21а, № 103 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
№ 1 ЛОТ:
- «Шелек – Есік» (ауданішілік) № 201.
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруышылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Есік қаласы, Жамбыл даңғылы №21а, № 103 кабинетіне мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 18:30-ға дейін.
- 2022 жылғы 02 желтоқсанда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 72 775 7 20 08.
Бөлім басшысы Б.Искаков