"E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы салық органдарына бармай-ақ жеке тұлғалардың салықтарын төлеу үшін пайдаланылады. Оның көмегімен болады:
* салықтарды комиссиясыз және Банк бөлімшелеріне бармай төлеу;
* салық берешегін тексеру;
* салықтардың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды жүргізу;
* мүлік, жер және көлік салығын тексеру және есептеу;
* салық салу объектілерін (жылжымайтын мүлік және көлік) қарау);
* жылжымайтын мүлік және көлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінім жіберу;
* жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың жалақысынан ұстап қалуын тексеру;
* жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) және кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан)тапсыру;
* Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету Цетрлеріне баруды брондау.
"E-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын "App Store" немесе "Play Market" - тен жүктеуге болады. Авторландыру тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада қолжетімді.
МКК YouTube арнасында қосымшада жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулар бар.
Ал толық ақпаратты ҚР ҚМ МКК сайтынан "1414"нөмірі бойынша алуға болады.
Оны App Store (IPhone) және Play Market (Android) дүкендерінен орнатуға болады.
Салық әмиянының сервисіне қолжетімділік алу үшін ЭЦҚ пайдалана отырып немесе СМС-код бойынша eSalyq қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы қажет. Мобильді азаматтар базасына смартфон немесе ноутбук арқылы тіркелуге болады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының жетекші маманы Копешова А.Е.