Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар жолдайды:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жер учаскесінің кадастрлық құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық құны актісінің электрондық көшірмесі.
Толық ақпаратты, Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Нұра ауылы, Еспергенов №23А
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 4-20-15.
«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ