Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
бірінші кезең:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);
екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару –бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;
3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде қол қйылған сәттен бастап жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.
Басқа да толық мәліметтерді Ават ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі 88, тел: 8 (72775) 64-2-16
«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ