Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
    2. egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы
    3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.
    4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
    6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін
    7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
      2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағынасәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
    8. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағындажәне 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.

     

            Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен жайымыз: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56А,

    тел:8(72776)7 33 49

     

    Г. КАБУЛОВА

    Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы

     

Дата публикации
25 ноября 2022
Дата обновления
25 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы