Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің "әскерге шақыруды кейінге қалдыру" және "азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңі 1 наурыздан 30 маусымға дейін және
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін қабылданатынын хабарлаймыз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – эцқ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған қажетті құжаттардың тізбесімен бірге жолдай алады.
Толық сілтемесі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021613
Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін болады.