- салық төлеушілер:
- есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдер);
- есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) есептейді және төлейді;
2.
- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы);
- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы) жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
- Аванстық төлемдердің сомасы:
1) декларацияға дейін, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы;
2) декларацияға дейін:
- алдыңғы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;
- бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептейді;
3) декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі. Аванстық төлемдерді есептеу мақсаттарында алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген сомасы қосылмайды;
4) декларациядан кейін:
Егер Салық Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған;
- бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 4-тармағында көрсетілген;
- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Кұдайберген Б.Т.