Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидалары (270.00-нысан)

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны
    (270.00-нысан) жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 206-бабы
    2-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияның (бұдан әрі – Декларация) жасалу тәртібін айқындайды.
  2. Декларацияны жыл сайын, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша:

2021 жылдан бастап:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына  және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар;

2023 жылдан бастап:

мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары;

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары;

2024 жылдан бастап:

заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайлары;

дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;

2025 жылдан бастап:

1) кәмелетке толған адамдар;

Қазақстан Республикасының азаматтары;

қандастар;

тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ұсынады;

2) бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мына шарттардың бірі болған:

құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;

3) мынадай адамдардың кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі:

әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның;

он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдар осы адамдарда есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай жағдайлардың кез келгені басталған:

меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкінің, құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі болған;

құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жылжымайтын мүлік құрылысында үлесі болған;

шетелдік банктердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі банктік шоттарында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) мың еселенген мөлшерінен асатын жиынтық ақша сомасы болған;

шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) өзге де құжат болған кезде, басқа адамдардың осы адам алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) сомасының және (немесе) осы адамның басқа адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) сомасы болған  кезде жеке тұлғалар ұсынады.

  1. Декларация:

1) күнтізбелік жылы үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алынған кірістер;

2) салықтық шегерімдер;

3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;

4) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын, оның ішінде Салық кодексінің 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда, жеке тұлғаның банк мекемелерінің Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстары туралы мәліметтерді ұсынуға келісімін көрсете отырып, есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар;

5) жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданылатын АЕК мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;

6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:

шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;

көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа адамдардың жеке тұлға алдындағы берешегі
(дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.

  1. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.
  2. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
  3. Декларация:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып;

2) электрондық жеткізгіште – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы жасалады.

  1. Қағаз тасығышта жасалған Декларацияға жеке тұлға не оның өкілі қол қояды.

Электрондық тасымалдағышта жасалған Декларация:

1) жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы;

2) бір реттік парольді пайдалана отырып куәландырылады.

  1. Декларацияны тапсыру кезінде:

1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алады;

2) электрондық түрде – салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады;

3) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық төлеушіге қайтарылады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Н. Құдайбердиев

Дата публикации
22 ноября 2022
Дата обновления
22 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы