Құрметті салық төлеушілер! Салық төлеуші – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемені орындауға, салық агенті салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға міндетті.
Салық төлеушіге салықтық берешегі пайда болған күннен бастап хабарлама жіберіледі. Салықтық берешекті өтеу туралы – салықтық берешек түзілген немесе салық төлеуші тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей жіберіледі. Сонымен қатар салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, өсімпұл есептеледі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде салықтық міндеттемесін орындалмаған кезінде оған салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларың қолданады:
- салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттары (корреспонденттiкті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, тәуекелдерді асқару жүйесіне сәйкес:
Тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
Тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жіберіледі;
3)салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді асқару жүйесіне сәйкес:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
Тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жіберіледі;
4)салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Берешек туралы мәлемметі сайт www.kgd.gov.kz немесе ЭЦҚ (кілт) арқылы «Электрондық үкімет порталы» egov.kz бойынша, салық әмиянының қызметі e-Salyg арқылы көреласыз.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ- нің
өндіріп алу бөлімінің
бас маманы А.Байшыгашева