ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.
ТІЖ мынадай мерзімдерде:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту басталғаннан кеш емес;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде:
ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан, – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, іске асыру басталғаннан кеш емес;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кеш емес;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде;
5) әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде – әуе кемесі келген (ұшып келген) күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес;
6) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде – тауарларды өткізу басталғаннан кеш емес мерзімдерде туындайды.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде:
1) тауарларды бөлшек саудада өткізу субъектісі ТІЖ ресімдеуді тек ерікті негізде, оның ішінде виртуалды қоймадағы қалдықтарды өзектілендіру үшін, бір айдағы өткізілуін көрсете отырып, өткізу айынан кейінгі айдың 10-ы (он) күнінен кешіктірмей;
2) акцизделетіндерді қоспағанда, тауарларды кез келген көлік түрімен жеткізуді жүзеге асыру арқылы тауарларды аталған жеткізуге арналған тасымалдау құжаты қалыптастырылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) егер осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, акцизделетіндерді қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көтерме саудада өткізу арқылы тауарларды – тауар өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) түпкі тұтынушы болып табылатын жеке тұлғаларға бөлшек саудадағы тауарларды (акцизделетіндерден басқа) – бір күн ішіндегі өткізілуін көрсете отырып, сату күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
5) тауарларды (акцизделетіндерден басқа) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бөлшек саудада – өткізу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»