Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV Заңы.

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері
      1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.

  1. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.
  2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша айырмашылықтар анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға хабарлама табыс етіледі.

      Хабарламада мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.

  1. Хабарлама мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе оның өкіліне жеке қолын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауаптың пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы алынған күнінен бастап не хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін табыс етілді деп саналады.

      Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

 

Дата публикации
22 ноября 2022
Дата обновления
22 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы