Аталған қызметті Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні.
Электрондық және қағаз жүзінде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
Порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-1-97.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ