Меню

Страницы

Статья

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) - www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін.

Жұмыс кестесі - Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі - Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер - 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 24-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 6-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96

 

 

Бас маман Н. Исмаилова

Дата публикации
16 ноября 2022
Дата обновления
16 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы