Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.

  1. Осы Қағидалардың 17-1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ТІЖ мынадай мерзімдерде ресімделеді:
    1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тиеп – жөнелту және (немесе) өткізуде, жылжыту кезінде - тауарларды тиеп – жөнелту және (немесе) өткізуде, жылжыту кезінен кешіктірмей;
    2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде:
          ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан-кедендік тазарту жүргізілген акцизделетін тауарларды, авиациялық отынды және мазутты өткізудің, өткізудің басталуынан кешіктірмей;
          ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін.
          Осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген жағдайда, автомобиль көлігімен тауарларды әкелу кезінде Мемлекеттік кірістер органының қызметкері ТІЖ-ге тиісті белгі қою арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісін растауды жүргізеді;
          3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей жүзеге асырады;
          4) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше екінші Мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын автомобиль өткізу пунктінде кесіп өту кезінде жүзеге асырылады.
               17-1. Тауарларды әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда ТІЖ әуе көлігі келген (кеткен) күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.
          Тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан темір жол көлігімен әкету кезінде ТІЖ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін ресімделеді.
          Тауарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлігімен жеткізген жағдайда ТІЖ осы жеткізілімге арналған тасымалдау құжаты қалыптастырылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.
          Бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетін, авиациялық отын мен мазуттан басқа) көтерме саудада берген жағдайда ТІЖ тауар өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.
          Мобильдік қоймадан ТІЖ алушының виртуалды қоймасына өткізілген тауарлар бойынша жеткізуші сатылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ресімдейді.
          Бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ерікті негізде ТІЖ ресімдеген кезде, ТІЖ бір күн үшін іске асыруды көрсете отырып, іске асыру күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кешіктірмей ресімделеді.
  2. ТІЖ алушы ТІЖ растау немесе бас тарту ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірмей жүзеге асырылатын, көліктің кез келген түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ЭШФ АЖ арқылы ТІЖ-ны растайды немесе бас тартады.

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

Дата публикации
08 ноября 2022
Дата обновления
08 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы