419-бап. Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Түзетілген шот-фактураны жазып беру кезінде бұрын жазып берілген шот-фактура жойылады, сондай-ақ олар болған кезде қосымша шот-фактуралар жойылады.
Жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазылады.
1) шот-фактураларды жазып беруге осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты қамтуға:
шот-фактура түзетілгені туралы белгі;
түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі және жазып берілген күні;
күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі және жазып берілген күні.
1) осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбалармен және мөрмен куәландыруы;
2) Өнім берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атына осындай шот-фактураны тапсырыс хатпен жіберуі және оны алғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қолы мен мөрі бар осындай шот-фактураны алғаны туралы хатының болуы:
атауы және ұйымдық - құқықтық нысанын көрсетуі бар заңды тұлғалар үшін, егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса;
дара кәсіпкерлер үшін-тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы бар болса.
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 420-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
"Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі"