Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының түрлері

Жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді. Бастапқы – мұндай декларацияны табыс ету бойынша белгіленген міндет алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға табыс ететін декларация; Кезекті –жеке тұлға бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін осындай жеке тұлға ұсынатын декларация; Қосымша – оған осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын декларация; Хабарлама бойынша қосымша – мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған кезде, бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін ұсынылады. Жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі туралы декларациясын электронды түрде Egov.kz "Электрондық үкімет" порталы; cabinet.salyk.kz

«Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің порталы; eSalyk mobile мобилді қосымшасы; eGov mobile мобилді қосымшасы; арқылы табыс етуге болады. kgd.gov.kz интернет-ресурсында барлық қажетті түсіндірме  ақпараттары бар «Жалпыға бірдей декларация» бөлімі құрылған. Осы бөлімде жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі туралы декларациясын толтыру қағидасы орналасқан.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Н.Құдайбердиев

Дата публикации
04 ноября 2022
Дата обновления
04 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы