1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпараттық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – ақпараттық жүйеге қол жеткізуді ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
2) алдын ала тұрғын үй заемы – шарттық соманы алғанға дейiн негiзгi борышты өтеу талабынсыз, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегiнде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi;
3) аралық тұрғын үй заемы – жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерiн жинақтау талабымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебiнен өтеледi;
4) бірыңғай республикалық электрондық база – Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс.
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар) – асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар тұлғалар;
7) заем бойынша сыйақы ставкасы (бұдан әрі - ставка) – тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка;
8) ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғынжай салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық банктік қарыз;
9) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
10) көпбалалы отбасы – көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
11) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
12) қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, тұрғын үйге мұқтаж адамдар ретінде "Орталық тұрғын үйге қолжетімділік" электронды базасына тіркелгендер;
13) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғынжай, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғынжай).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және соған пайдаланылатын, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан объект түсініледі;
14) "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы – Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
15) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде және осы Заңға сәйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
16) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (бұдан – әрі Отбасы банк) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тәртібі
1-параграф. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру тәртібі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;
8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.
1) бірыңғай республикалық электрондық базада немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні бойынша;
2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
3) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында екі адамнан артық болмаған кезде отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,5 (үш жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытпен төленетін, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.
Бөлменің ауданы мен саны бойынша нормаға сәйкес келмейтін тұрғынжайды бөлуге жол берілмейді.
2-параграф. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру тәртібі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар)
7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;
8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары беру бойынша тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.
1-бөлім. 2% (екі пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған мынадай табыс ескеріледі:
еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.
1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).
2-бөлім. 5% (бес пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);
кәсіпкерлік қызметтен.
1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).
3-бөлім. 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);
кәсіпкерлік қызметтен.
1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).
4-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) табысы болмаған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушыда және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі.
1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін;
2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес олар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен және ақпараттық жүйеде тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің Тізбеге сәйкестігін тексереді;
2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушінің веб-порталдағы "Жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешімі бар, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту 1 (бір) күн ішінде жіберіледі.
Өтінім беруші белгіленген мерзімде Келісімге қол қоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Келісім жасасудан бас тартады.
1-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданатын лауазымды тұлға, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
|
|
Нысан |
|
|
___________ азаматтан |
Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу туралы өтініш
Мен
_________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан ___ бөлмелерден тұратын тұрғынжай алуға келісім
беремін _______________________________________________________
(берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"__" __________ 20 __ жыл.
ЭЦҚ