«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін е-лицензия порталы арқылы алу

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Осы ретте, «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін алу тәртібін түсіндірсек.....

 «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметті «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметін көрсету үшін мынандай құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) электрондық жерге орналастыру жобасы.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жер қатынастары бөлімінің маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Аталған мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, ол жерде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ арқылы біле аласыздар.

Мекен жайымыз: Есік қаласы, Тоқатаев көшесі 19 Б.

Дата публикации
26 сентября 2025