"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Елді мекен шегінен тыс жерде орналасқан жер учаскелерін сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды  алу үшін "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш беруіңіз қажет.

 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді:

1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру 12 жұмыс күні.

2-кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар:

1-кезең

1.Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
2. Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындысы;
3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылыстар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат;
4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) техникалық шарттары бар сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
5. Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау үшін кондоминиум қатысушыларына:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) кондоминиум құру туралы хаттама;
4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын пәтерлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы;
6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
7. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат.
8. Жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының қорытындылары;
9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігінің мұқтаждықтары үшін, байланыс және энергетика мұқтаждары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі;
10. Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер үшін (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) коммуникациялардың өту сызбасы;
11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша, саяжай құрылысын жүргізу үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
12. Жекеше орман өсіру үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) орман өсіру жоспары мен жобасы.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.

  1. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).

  1. Жекеше әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын не концессионерлер концессиялық жобаларды іске асыру үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты

16.Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін:
1) өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациялар органдарының олардың құзіретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі.
17. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.

  1. Кодекстің 101-бабының 3-тармағынасәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушыларына (мүшелеріне) :
    1) өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы.
  2. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.

  1. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскелерінде балық шаруашылығы объектілерін және оларды күтіп-ұстауға арналған коммуникацияларды орналастыру үшін, күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;

2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;

4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі.  

   2-кезең

  • бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.

            Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Жұмыс кестесі:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы  жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 

 

 

 

Масақ  ауылдық округі  әкімінің аппараты

 

 

Дата публикации
17 сентября 2025