«Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына» № 283 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Санаторийлік-курорттық емдеуді мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға беріледі.
Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамның атынан санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері;
2) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы;
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы– проактивті көрсетілетін қызмет арқылы береді.
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияның, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.
Санаторийлік-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.
Қосымша мәлімет алу үшін Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 8 (72775) 4 24 36 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы
Б.Байтасова