«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 7 мамырда Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 15 маусымға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекараралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, сайлау комиссияларының 18 мүшелері жұмыс істейді. Бартоғай ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 4739 адамды құрайды.
2025 жылдың 8 мамырдан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 20 мамырдағы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 20 мамырда сағат 18:00-де аяқталды.
Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясы