Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

            Жалпы ережелер:

 Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

         «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі – аппарат) аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық тұрғыдан қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

            Орналасқан жері:

 040402, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21 «А».

            Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында аппарат Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

    2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес қызмет көрсетеді.

2023 жылы бекітілген Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтің 9 түрін көрсетті.

  • "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі;
  • "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі;
  • "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі;
  • "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметі;
  • "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметі;
  • "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметі;
  • "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметі;
  • "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметі;
  • "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілеті;

2024 жылы 926  қызмет көрсетілген:

-  аппарат арқылы 37 қызмет;

-  «Электрондық үкімет» порталы және қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы –889.

Қызмет алушылармен жұмыс:

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасын жақсарту және жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін аппарат лицензиялаудың  электрондық қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндік беретін «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне қосылған.

2018 жылдан бастап аудан әкімінің ғимаратында Электронды үкімет порталына /www.egov.kz/ жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды. Халықты хабардар ету үшін аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенд ілінген.

            Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында (enbekshikazah.gov.kz) жарияланған.

            Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мақала, оның ішінде мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі, аудан әкімдігінің ресми сайттарында «Жаңалықтар» жолағында 9 мақала және аудан әкімдігінің «Faceebook» парақшасында 12 мақала жарияланды. 

Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

Дата публикации
30 апреля 2025