Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет:

          «Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-сі, Пошталық мекенжайы: 040400, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Тоқатаев көшесі 19-Б. Байланыс телефондары: 8/72775/4-02-61

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ тұрақты негізде 3 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  • Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну)»;
  • Эскиздік жобаны келісуден өткізу (нобайлық жоба);
  • Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жою.

        

         2024 жылы сәулет және қалақұрылыс бөлімінде :

         Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған 2529 бастапқы материалдар (СЖТ) берілді;

1893 эскиз (эскиздік жоба) келісілді;

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша 3423 анықтама (МТК кодтарын бере отырып) берілді;

Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы-тегін;

Бөлім тарапынан көрсетілетін 3 мемлекеттік қызмет электронды нысанда көрсетіледі;

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-3;

Барынша талап етілетін мемлекеттік қызмет түрі – Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша 3423 анықтама.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

         Аудан әкімдігінің веб-сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде халықты ақпараттандыруға арналған Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі орналастырылған.

         Халықты ақпараттандыруға арналған стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, телефон нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған, бөлімнің әлеуметтік желі парақшаларында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат орналастырылғын.

         3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар:

         2024 жылға бекітілген медиа жоспарға сәйкес : газетте 4 мақала, әлеуметтік желіде 4 мақала, аудан әкімінің сайтында 4 мақала жарияланды, 2 бейнеролик әзірленді, 2 жәрмеңке, 2 ашық есік күндері, 2 презентация, 2 акция, 2 семинар, 1 лекция, 1 дөңгелек үстел өткізілді.

  1. Мемлекетік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 Есептік кезеңде   1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қосымша бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 1 оқыту семинары өткізілді.

4.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылар тарапынан 2024 жылы шағым түскен жоқ.

Дата публикации
30 апреля 2025