«Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер:

"Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;
  • Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасайды;
  • Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсынады;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
  • Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерізімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
  • Көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
  • Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

 

  1. Қызметті беруші туралы мәлімет:

 

"Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 040435, Қызылжар ауылы, Естемесов көшесі № 26-А, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

 

  1. 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты 2024 жылы  Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 4 (төрт) түрін көрсетті:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  3. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою;

 

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету үшін функционалдық міндеттеріне 1 маман енгізіліп, өкіммен бекітілген. 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылау жүргізу Көктөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары С. Бизаковқа  жүктелген, ал мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша есеп пен ақпарат (деректер) жинауға және аудан әкімінің аппаратына жолдауға         бас маман Д.С. Кокановаға Көктөбе ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 01-07/27 өкімімен жүктелді.

 

  • 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы – 227,
  • тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-227,
  • ақылы негізде-жоқ,
  • қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2;
  • электронды түрде "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы-54;
  • электронды түрде" Егов " порталы арқылы-171.
  • электрондық үкімет порталына шыға отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-1227.

2024 жылы "Еңбекшіқазақ" газетінде және округ әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алудың және Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтарын түсіндіру т.б. бойынша 4, «ЮиТ» газетінде 1, «Алатау арайы» облыстың газетінде 1 мақала жарияланды.

"Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мамандары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 36 түсіндіру іс - шараларын өткізді.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінді, сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан кабинетте мемлекеттік қызметтерді алу үшін "электрондық үкімет" порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылған "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" орнатылды. Әкімдікте мүгедектігі бар адамдарға арналған шақыру түймесі және тұрақ, диспенсер, нашар көретін адамдарға арналған Брайль шрифті бар.

Округте мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алуға құқықтары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Есепті кезең ішінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерге шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтар болған жоқ. Есепті жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтар болған жоқ.

 

 

Округ әкімі                                 Б. Саменов

 

Бас маман                                      Д. Коканова

Дата публикации
29 апреля 2025