«Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
-Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
-Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-Көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Қызметті беруші туралы ақпарат
Мекеме атауы: «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мекенжайы: Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы, Райымбек көшесі № 19А, индексі 040428.
2024 жылы «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1;
2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 13;
3) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0;
4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 124;
Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 138. Тегін көрсетілген қызметтер: 138. Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер: 0. Ақылы негізде көрсетілген қызметтер: жоқ.
Қызметті алушылармен жұмыс
Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыруды белсенді жүргізді. Осы мақсатта:
Ақпараттандыру: Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 1 стенд орнатылған. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтер туралы барлық қажетті ақпаратты халыққа қолжетімді етіп ұсыну үшін әкім аппаратының ғимаратында көрнекі ақпарат құралдары орналастырылды.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру: Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде түсіндіру отырыстары, акциялар, семинарлар және ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Шағымдар мен өтініштер: Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ешқандай шағымдар түскен жоқ. Қызмет көрсету барысында жіберілген кемшіліктер үшін жауапқа тартылған мамандар болған жоқ.
Қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау
Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және халыққа ыңғайлы жағдай жасау үшін бірқатар шаралар қабылданған:
Округ әкімінің аппаратындағы «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы азаматтардың электрондық қызметтерді алу мүмкіндігі бар.
Қызмет алушылар үшін балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, көлік тұрағы, ыңғайлы орындықтар, су диспенсері және ақпарат алу үшін LED-экран орнатылған.
Электрондық қызметтер бойынша оқыту: Әкім аппаратының мамандары тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын үйретуді тұрақты түрде жүргізеді.
Қорытынды
2024 жылы «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесінде жоғары деңгейде жұмыс істеп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған көптеген шаралар қабылдады. Әрбір тұрғынға қолайлы жағдайлар жасау, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерін бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында әкім аппараты өз қызметін ашық және тиімді түрде жүзеге асырды.