Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:
1-кезең: сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 23 (жиырма үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді;
2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару 7 (жеті) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз және алдын-ала жазылусыз, "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға болады.
1-кезең:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беруге арналған өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
2-кезең:
бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі растайды;
Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) беру жеке куәлігін көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" – "Жергілікті атқарушы органдар" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
|
|
"Сауда-саттықты Нысан
(кімге): __________________ |
Жер учаскесіне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш
___________________________________________________________________
(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)
________________________ мекенжайында орналасқан, алаңы __________ гектар,
______________________________________________________________ арналған,
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
___________________________________________________________ құқығындағы
(құқық түрін көрсету керек)
жер учаскесін ___________________________________________________________
(2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
_______________________________________________________________________
50-бабының 2-тармағына сәйкес басқа жер учаскесінің бары-жоғы)
беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы __________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің
_______________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса). тегі, қолы)
|
|
"Сауда-саттықты Нысан ____________________________ |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің осы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________________________________;
2) ________________________________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"
мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды
_______________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Телефоны (бар болса) ________________________________________________
Алдым: ____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,қолы)
20___ жылғы "_____"________________________