"Бұрын пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

         2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

         3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

2.1 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2.2 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар көрсетілетін қызметті берушіге бір данада мыналарды ұсынады:

         3.1 осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

         3.2 жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

         3.3 жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

         4.1 көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

         4.2 көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

         4.3 көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының 2-бөлігінде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының 6-бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының 2-бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Дата публикации
11 сентября 2020