Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының

№ 4 шешімі

 

                                                                                              2020 жылғы 17 тамыз

 

 

 

Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2020 жылдың 28 қыркүйегіне тағайындалсын.
  2. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                         Б.Жексембиев

 

Дата публикации
18 августа 2020