Ақши ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5 тармағының 5) тармақшасына  және  6-тармағына сәйкес әкімнің өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақши аулдық округінің әкімі Айтбаев Сабыржан Бейсетайұлының өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің пайда болу фактісі белгіленсін.
  2. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Досумбаев Алтай Машикұлына Ақши ауылдық округінің әкімі Айтбаев Сабыржан Бейсетайұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
  3. Осы қаулы Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде жариялансын.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                   Е.Әмірденов

 

 

 

Есік қаласы

2023 жылғы 2 мамырдағы

№

Дата публикации
02 мая 2023