Балтабай ауылдық округі әкімінің өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5 тармағының 5) тармақшасына және 6-тармағына сәйкес әкімнің өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Балтабай аулдық округінің әкімі Мықыбаев Жұман Сембаевичтің өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің пайда болу фактісі белгіленсін.
- Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Досумбаев Алтай Машикұлына Балтабай ауылдық округінің әкімі Мықыбаев Жұман Сембаевичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
- Осы қаулы Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Әмірденов
Есік қаласы
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 20