"Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 мамырда № 20646 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметінің тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";
9-1, 10 және 10-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:
1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
10-1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 088/е нысандағы медициналық құжаттама (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасын мүгедектер ұсынады).";
мынадай мазмұндағы 10-2, 10-3, 10-4 және 10-5-тармақтармен толықтырылсын:
"10-2. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 9-1 және 10-1-тармақтарының талаптарына сәйкес толықтығын және дұрыстығын, оқуға түсушінің сәйкестігін зерделейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
10-3. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
10-4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 9-1, 10-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
10-5. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Әр оқушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес спортшының жеке карточкасы ашылады.";
22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Спорт мектебінің спорттық жетістіктері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің картасында көрсетіледі.";
27-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Оқу-жаттығу процесінде көмек көрсету үшін қосымша жаттықтырушы-оқытушы тартылады. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде аралас спорт түрлерi бойынша, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар, жаттықтырушы-кеме жүргізуші, жаттықтырушы-кеңесші, жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-майлаушы, жаттықтырушы-техник, жаттықтырушы-дәрігер, жаттықтырушы-механик, жаттықтырушы-қару-жарақ жасақтаушы, мал дәрігері, зоотехник, ұста, ат бағушы, әбзелші, жылқышы, жаттықтырушы-массажшы, нұсқаушы-берейтор (бессайыс), хореограф, аккомпониатор, психолог, сервисмен-конькиді қайраушы, сервисмен-шаңғы майлаушы тартылады.";
31-тармағының бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес айқындалған.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес айқындалған.";
36-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Әр жаттықтырушы-оқытушыға осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы ашылады.";
мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
"7-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Қағидалардың 1-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Спорт резервін және жоғары |
Қағидалардың 1-1-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Спорт резервін және жоғары |
осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларымен толықтырылсын.
Қағидалардың 2-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Спорт резервін және жоғары |
Қағидалардың 3-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Спорт резервін және жоғары |
Қағидалардың 3-1-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Спорт резервін және жоғары |
Қағидалардың 4-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Спорт резервін және жоғары |
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
|||
|
|
Спорт резервін және жоғары |
|||
|
"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
|
|
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде. |
|
|
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде. |
|
|
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
|
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Жеке тұлғаларға тегін. |
|
|
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
|
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш; |
|
|
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
|
|
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде жүргізіледі. |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|||
|
|
Спорт резервін және жоғары |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
|
____________________________ |
|||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
"Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларының 10-1-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________ ;
2)___________________________________________________________ ;
3)___________________________________________________________ .
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:_________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым:___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы"___"_________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК